ХАМАС кепілге алынғандарды босатып, 5 жылға татуласуға дайын

147

Израиль әзірге ХАМАС-тың соңғы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ.

ХАМАС кепілге алынғандарды босатып, 5 жылға татуласуға дайын Фото: france24.com

Аталған келісім аясында кепілге алынғандар босатылып, 5 жылға татулық орнауы тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

ХАМАС делегациясы 18 айға созылған соғысты тоқтату мәселесін мысырлық келіссөз жүргізушілермен талқылау үшін Каирге барды. Алайда олар Израильдің басты талабы саналатын қаруды өткізу шарасы жүзеге аспайды деп отыр.

AFP агенттігімен анонимді түрде тілдескен ХАМАС-тың ресми өкілі топтың бір реттік кепілге алынғандарды алмастыру мен 5 жылдық татуласуға дайын екенін мәлім еткен.

Соңғы рет атысты тоқтату туралы келісімді Израиль ұсынды, оған сәйкес кепілдегі тірі 10 адам қайтарылып, 45 күнге атыс тоқтауы қажет болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу