ХАМАС стратегиялық 2 аймаққа жаңа басшылар тағайындады

347

Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, Газа секторындағы құрылым тізгіні Әли әл-Амудиге тапсырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ХАМАС стратегиялық 2 аймаққа жаңа басшылар тағайындады Фото: report.az

Ол бұған дейін ХАМАС-тың ақпарат бөлімін басқарған еді. Ал, Иордан өзенінің Батыс жағасына жетекшілік ету Захер Джабаринге жүктелді. Осының алдында қозғалыстың саяси бюросының басшысы сайланған.

Газа секторындағы "Хамас" жетекшісінің орны 2024 жылдың қазан айында Яхья Синвардың көзі жойылғаннан кейін бос қалған болатын. Ол кезде Израиль күштері Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында орналасқан тұрғын үйге соққы жасаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу