ХАМАС тобы Израильге қатысты жаңа хартия жариялады

646

ХАМАС тобы Израильге қатысты жаңа хартия жариялады

ХАМАС қозғалысы Палестина мемлекетін 1967 жылғы шекара негізінде құруға қарсы емес. Мұндай шешім ұйымның саяси бюросының төрағасы Халед Машальдың Катар астанасында жариялаған жаңа хартиясында айтылған.

Сонымен қатар, қозғалыс Израильді жою мақсатынан бас тартатынын, бірақ оның өмір сүру құқығын танымайтындығын мәлімдеді. Бұдан бөлек қарулы топ барлық палестиналық босқынның үйлеріне оралуын қалайтынын және "Мұсылман бауырлар" ұйымымен байланысты үзетінін жеткізді.

Айта кетейік, ХАМАС қозғалысы 1987 жылы шейх Ахмед Ясиннің бастамасымен еврей басқыншыларымен күресіп, Израиль жерінде Палестина мемлекетін құру мақсатында пайда болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу