Хельмут Анхайер АЭФ-ке қатысушыларға бейне-үндеу жолдады

748

Хельмут Анхайер АЭФ-ке қатысушыларға бейне-үндеу жолдады

Мемлекеттік басқару жоғары мектебінің президенті, неміс профессоры әрі әлеуметтанушы Хельмут Анхайер АЭФ-ке келе алмайтын болғандықтан, жиналғандарға видео-үндеу жолдады, деп хабарлайды 24.kz.

"Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел болғандықтан, аталмыш форумның Орталық Азия аймағында дәл Қазақстанда өтуі өте маңызды. Қазіргі таңда "Азаматтық қоғамның болашағы" өзекті тақырып деп есептеймін. Мемлекет дамуында азаматтық қоғам маңызды рөл атқаратындықтан, олар қатар дамуы керек. Ал Германияда азаматтық қоғам көне демократиялық дәстүрге ие. Біз кейбір мәселелерде, мысалы, көші-қон саласында азаматтық қоғамның рөлі қандай деген сұрақты үнемі талқылаймыз. Германияға қазір сіздерде өтіп жатқан ауқымды форум секілді азаматтық қоғамның болашағы қалай болатынын шешетін іс-шара жетіспейді. Сондықтан да Қазақстанда өткізіліп жатқан жиын өте маңызды деп ойлаймын", - деді Хельмут Анхайер.

Айта кетсек, Хельмут Анхайер – әлем бойынша азаматтық қоғам саласындағы санаулы сарапшылардың бірі. 450-ден аса еңбегі беделді журналдар бетінде жарияланған. Ғалымның кітаптары өз саласының үздігі деп танылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу