Херсон үшін жанкешті шайқас енді басталмақ

818

Мәскеу Херсонға енді ғана мобилизацияланған 2 мыңдай адамды жіберді.

Херсон үшін жанкешті шайқас енді басталмақ Фото: eadaily.com

Ресей мен Украина әскерлері арасында Херсон үшін жанкешті шайқас енді басталмақ. Мұны бүгін Associated Press агенттігі хабарлады.

Украина күштері Херсон облысының оккупацияланған және заңсыз аннексияланған оңтүстік бөлігіндегі ресейлік позицияларды атқылау барысында үлкен өзен арқылы жеткізу маршруттарын нысанаға алды. Жалпы Украина Ресейдің соғыс басталғалы жаулап алған жалғыз облыс орталығына жұма күні кіре бастады.

Украина армиясы бас штабының мәліметі бойынша, әскери шығындарды өтеп, алдыңғы қатарлы бөлімшелерді күшейту үшін Кремль Херсон облысына мобилизацияланғн 2000 адамды жіберді.

Алдағы ұрысқа байланысты Мәскеу тағайындаған билік 60 мыңдай адамды Днепр өзенінің батыс жағалауына эвакуациялауға кірісті. Бүгінге дейін 15 мың тұрғын көшірілген. Украина қарулы күштерінің штабы мәлімдегендей, Мәскеу Херсонға енді ғана мобилизацияланған 2 мыңдай адамды жіберді.

Айта кетсек, Украина армиясы кейінгі апталарда оңтүстікте ресейліктерді 30 шақырымға шегіндіріп, қалаға жақындап қалды. Херсон – ақпанның 24-нен бері Ресей басып алған жалғыз ғана облыс орталығы, сондай-ақ Мәскеу аннексиялап, әскери жағдай жарияланған төрт аймақтың бірінде орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу