Херсонға зымыран соққысы жасалды, қаза тапқандар бар

430

Херсонда ресейлік шабуылдан кем дегенде алты адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды.  

 Херсонға зымыран соққысы жасалды, қаза тапқандар бар Фото: static.euronews.com

Облыстық әскери әкімшіліктің хабарлауынша, зымыран соққысы кезінде базар, балабақша, аурухана, автобус аялдамасы, сондай-ақ маңызды инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлер зардап шеккен, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Херсон әскери әкімшілігінің өкілі Дмитрий Плетенчук: "Біз қазір тұрған жер бүгін зардап шеккен жалғыз жер емес", - дейді. - "Град-21" зымыран жүйелері біздің қаламыздың басқа аудандарына да соққы берді".

Кем дегенде 20 жарылыс естілді. Жергілікті билік ресейлік күштер Херсонды өткен тәулікте 58 рет атқаны туралы айтады.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар "көшеде жарақат алып, кейінірек үйде немесе жұмыс орнында қайтыс болды" деп көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу