Хиджаб киюіне байланысты білім алмай жүрген оқушылар жоқ – министр

607

Елдің күн тәртібінде хиджаб киген оқушыларға қатысты мәселе тұрған жоқ. 

Хиджаб киюіне байланысты білім алмай жүрген оқушылар жоқ – министр Фото: freepik.com

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының сөзінше, биылғы оқу жылының басында Атырау облысында хиджаб кигендіктен 150-ден астам оқушы қыз мектепке бармаған. Алайда бүгінгі таңда бұл мәселе толық шешімін тапты.

"Мектептің балаларға сапалы білім мен тәрбие беруіне арналғанын барлығыңызға белгілі. Сондықтан ата-аналардың дені осыны түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта мұндай мәселелер жоқ. Басқа өңірлерде орамал тағатын оқушылар саны бойынша ақпарат дәл қазір менде жоқ. Мендегі ақпаратқа сәйкес, мұндай оқушылар жоқ", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Оның сөзінше, басында мәселе туындаған.

"Бұл мәселе қазір толығымен шешілуде. Ата-аналар мектептің бірінші міндеті сапалы білім мен тәрбие беру екенін түсіне бастады. Біз оларды бір-бірімен шатастырмауымыз қажет", - деп қорытындылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу