Highvill Шымкенттегі тұрғын үй кешеніне инвестиция салмақ

933

Highvill Шымкенттегі тұрғын үй кешеніне инвестиция салмақ

Кәрістің Highvill құрылыс компаниясы Шымкенттегі тұрғын үй кешеніне 160 млрд инвестиция салуды  жоспарлап отыр, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК"АҚ мен Highvill компаниясы және қала әкімдігі арасында меморандум жасалды. Ол бойынша әкімдік инвесторға Shymkent City аумағынан 51,5 гектар жер береді.

"Бұл шағынауданның жалпы концепциясына өзгеріс енгізілгеннен соң, онда тек әлеуметтік емес, сондай-ақ бизнес-класты баспаналар тұрғызылатын болады", - дейді қала әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Кешен 52 гектар аймақты алады, 5500 пәтер мен 6700 тұраққа есептелген.

Shymkent City ауданы қаланың солтүстігінде. Ол 12 кварталдан тұрады. Мұнда шағын және орта бизнес үшін нысандар, ойын-сауық орталықтары, емханалар, саябақ пен демалыс орындары ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу