Хиуаз Доспанова естелік медалі дайындалды

2639

Хиуаз Доспанова естелік медалі дайындалды

Атырау облыстық ардагерлер кеңесі халық қаһарманы, әскери ұшқыш-штурман Хиуаз Доспанова есімін мәңгі есте сақтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында естелік медальді тағайындап отыр, деп хабарлайды aikyn.kz.

"Медаль берудің өзіндік тәртібі бар. Медальге қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүргендер, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар мен тыл ардагерлері, әскери бөлімдердің, оқу орындарының, бастауыш ардагерлер ұйымдары мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, ұлтымыздың рухани жаңғыру бағытындағы келелі істерге үлес қосып жүрген облысымыздың және басқа аймақтардың азаматтары марапатталды. Марапатталушыларға медаль мен куәлік облыстық ардегерлер кеңесі төралқасының атынан табыс етіледі", – дейді Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов.

Хиуаз Доспанова – Атырау облысында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысқа өз еркімен аттанып, әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқараған әуе полкінің құрамында үш жүздем астам әуе шайқасына қатысып, ерлігі үшін "Қанатты қыз" атанған қазақтың қаһарман қызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу