ХҚКО қызметкерлері жүйелі түрде пара алып келді деп айыпталып отыр

528

Сонымен қатар автокөліктерді тіркеуге заңсыз қою фактісі бойынша да тергеу басталды.  

ХҚКО қызметкерлері жүйелі түрде пара алып келді деп айыпталып отыр

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz 

"Іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада. 

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу