Республика күніне орай еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (арнайы ХҚКО) жұмыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мереке күндеріндегі жұмыс кестесі:
- 26 қазан (дүйсенбі) – демалыс күні. ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істемейді.
- 27 қазан (сейсенбі) – Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесі бойынша жұмысын қайта бастайды.
24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО-лардың жұмыс тәртібі:
Сенбі күні азаматтарды тек кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО қабылдайды.
Кезекші ХҚКО-лар: азаматтарды қабылдау уақыты – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Кезекші арнайы ХҚКО-лар:
- Құжаттарды қабылдау – сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін;
- Дайын құжаттарды беру – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Азаматтарға мерекелік жұмыс кестесін ескере отырып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруды алдын ала жоспарлау ұсынылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу