Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Жапонияны ірі есеппен жеңді

89

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында бүгін екінші ойынын Жапонияға қарсы өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы Жапонияны ірі есеппен жеңді Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Дегенмен бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде отандастарымыз жапониялық қақпашыны үш мәрте қапы қалдырды. Үшінші кезеңде де қазақстандық хоккейшілер тағы үш мәрте көзге түсті.

Қазақстан - Жапония 6:0 (0:0, 3:0, 3:0)

1:0 - Қайыржан (Гатиятов, Өмірбеков) - 22:11

2:0 - Шайхмедденов (Гатиятов) - 27:56

3:0 - Бреус (Гатиятов, Әсетов) - 33:13

4:0 - Әсетов (Данияр, Шестаков) - 53:40 ГБ

5:0 - Старченко (Мұратов, Шестаков) - 55:50

6:0 - Ляпунов (Өмірбеков, Қайыржан) - 56:26

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, екі құрама қазірге дейін 12 мәрте кездесіп, барлығында отандастарымыз жеңіске жетті.

Енді Қазақстан құрамасы алда үш ойын өткізеді. Алдымен 5 мамырда Қазақстан уақытымен 22:30-да Польшамен кездессе, 7 мамырда 19:00-да Украина, 8 мамырда 15:30-да Франциямен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу