Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі Бейжіңде анықталады

902

Өткен жылдың желтоқсанында басталып, коронавирусқа байланысты тоқтатылған хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі Бейжің Олимпиадасында анықталады.   

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі Бейжіңде анықталады

Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф хабарлады. 

26 желтоқсан күні Канаданың Эдмонтон және Ред-Дир қалаларында басталған әлем чемпионаты коронавирусқа байланысты тоқтатылған еді. Кейін Тардиф біріншіліктің жазда өтуі мүмкін екенін хабарлаған. 

"Біз жарысты жазда өткізуге дайындалып жатырмыз. Уақыты мен өтетін орны Олимпиада кезінде анықталады", – дейді Тардиф. 

Айта кетелік, қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу