Хорватияда Қазақстанның консулдығы мен Kazakh invest-тің өкілдігі ашылды

777

Қазақстан консулдығының ашылуына арналған салтанатты қабылдау барысында қатысушылар мен қонақтарға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар берілді.

Хорватияда Қазақстанның консулдығы мен Kazakh invest-тің өкілдігі ашылды

Хорватияда Қазақстанның Құрметті консулдығы мен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның тәуелсіздік әріптестің өкілдігі ашылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Ашылу рәсімде Қазақстан-Хорват ынтымақтастығының қарқынды дамуы және өткен жылы 353 млн доллар көлемінде болған өзара саудасының өсуі, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстанның елшісі Төлежан Барлыбаев құрмет пен ризашылық белгісі ретінде Хорватияның СІМ басшысына қазақтың ұлттық қамзолын кигізді.

Хорват дипломатиясының басшысы Мария Пейчинович-Бурич және ҚР елшісі Төлежан Барлыбаев 2-6 мамыр аралығында Сплит қаласында өткен "Далматинко-2019" жастар футбол турниріне қатысқан қазақстандық "Ақтау" және "Оқжетпес" командаларының жас футболшыларына марапаттар табыс етті.

Қазақстан консулдығының ашылуына арналған салтанатты қабылдау барысында қатысушылар мен қонақтарға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу