Хостелдердегі өрт қауіпсіздігі жоспардан тыс тексеріліп жатыр

411

Елордадағы хостелдерде өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеріс жалғасып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс 18 қаңтарда басталған.  

Хостелдердегі өрт қауіпсіздігі жоспардан тыс тексеріліп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бүгінге дейін 78 нысанның өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігі тексерілді, деп жазады inbusiness.kz.

Тағы осындай 9 хостелде жұмыстар жалғасуда.

"Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хостелдерде жоспардан тыс тексерістер жүргізуде. Тексеріс нәтижелері бойынша 377 өрт қауіпсіздігін сақтамау фактісі анықталды. Оның ішінде нысандардағы шығу жолдарының жабық болуы, терезелерге темір торлар орнатылуы, өрт қауіпсіздігі құралдарының жоқтығы, дабыл жүйелерінің дұрыс жолға қойылмауы сияқты кемшіліктер жиі кездесті. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған нысан иелері әкімшілік жазаға тартылып, оларға ережені бұзу фактілерін жою туралы ұйғарым тапсырылатын болады", - деді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мадияр Мырзагелдиев.

Оның айтуынша, қала бойынша 107 хостел орналасқан, оның 22-сі өз еркімен жұмысын тоқтатқан.

Бұдан басқа қала бойынша ойын-сауық орталықтарында "Қауіпсіз сауда" атты оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу