Храпуновтың ұлы БТА Банкке 500 миллион доллар төлеуі керек

814

Британия соты осындай шешім шығарды.

Храпуновтың ұлы БТА Банкке 500 миллион доллар төлеуі керек Фото: informburo.kz

Британия соты Ильяс Храпуновты БТА Банкке шамамен 500 млн доллар төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды abctv.kz.

Interfax-Kazakhstan-тың хабарлауынша, Британия сотының шешіміне сәйкес, Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ильяс Храпуновты БТА Банкке 499 млн 961,783 мың доллар төлеуі керек.

"Активтерді қайтару кезінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде британдық сот үкім шығарды. Ильяс Храпуновқа БТА банкке 500 млн доллар төлеу міндеті жүктелді. Ильяс Храпунов Швейцария резиденті болғандықтан, бұл елде шыққан шешімді мойындауына тура келеді", – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, ерлі-зайыпты Храпуновтарға ұйымдасқан топпен бірге мемлекет меншігін ұрлады, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды, алаяқтық жасады, пара алды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырды деген айып тағылған болатын. Қылмыстық әрекеттерден мемлекетке 250 млн АҚШ долларынан асатын шығын келген.

Ал 2014 жылы Ильяс Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу