IATA: Қазақстанда авиациялық керосин Германиядан қымбат

814

Алдағы 20 жылда Орта Азияда жолаушылар ағыны екі есе өседі.  

IATA: Қазақстанда авиациялық керосин Германиядан қымбат

Қазақстанда авиациялық керосин Германиядан қымбат. Бұл туралы Алматыда өткен Орта Азия әуе компаниялары басшыларының екінші дөңгелек үстелінде Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (IATA) өңірлік қатынастар бойынша директоры Раймондс Грунтинс айтты.

"Егер Қазақстан мен Германиядағы әуе отынының бағасын салыстыратын болсақ, Қазақстанда баға жоғары. Жалпы осы елде жанармай бағасы қымбат және біз оның себебін түсінбейміз", – деді Раймондс Грунтинс.  

Сарапшының айтуынша, Қазақстан әуежайларында керосинмен қамту бойынша әр түрлі жүйе қалыптасқан. Сондықтан баға да бірдей емес.

"Ең маңыздысы бұл жүйе ашық болуы шарт. Сонда әуе компаниялары баға саясатын, оның қалай белгіленетінін түсінеді. Ал тасымалдаушылардың біреуге тиімді болғаны үшін ғана негізсіз соманы төлегені дұрыс емес. Кей жағдайда компаниялар ешқандай таңдау болмаған соң ғана кез келген бағаны төлеуге келіседі. Сондықтан бұл мәселені реттеуге мемлекеттің де араласқаны жөн", – деді IATA өкілі.  

Сонымен қатар IATA өкілі болашақта Орта Азияда жолаушылар ағыны көбейетінін айтты.

"Алдағы 20 жылда Орта Азия өңірінде жолаушылар ағыны екі есе көбейеді. Сондықтан әуе тасымалдаушылары оларға сапалы қызмет ұсынуға дайын  болуы керек", – деді Раймондс Грунтинс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу