IBA рейтингінде Қазақстан бірінші орында тұр

450

Еліміз аталмыш рейтингте 81 мың ұпай жинады.  

IBA рейтингінде Қазақстан бірінші орында тұр Фото: olympic.kz

Бокстан ерлер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатынан кейін Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді, деп жазады inbusiness.kz www.sports.kz порталына сілтеме жасап.

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы орналасты (60 800 ұпай). Үздік үштікті Ресей қорытындылады (58 050 ұпай). Рейтингтің алғашқы ондығында Үндістан (55 500), Куба (45 300), Бразилия (43 400), Италия (38 980), Түркия (38 450), Мексика (37 650) және АҚШ (34 950) та бар.

"IBA рейтингінде ерлер мен әйелдер құрамалары жинаған ұпайлар саны қосылады. Ташкентте өткен ерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек биыл Нью-Делиде (Үндістан) өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық құрама 2 күміс және 4 қола медаль иеленді", - делінген портал таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу