Игерілмеген жерлер кәсіпкерлерге беріледі

2172

Жаңадан ашылған Бәйтерек ауданындағы 6 гектар жер кәсіпкерлік мақсатқа арналмақ. 

Игерілмеген жерлер кәсіпкерлерге беріледі

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 6,2 млрд теңгені құрайтын 700-ге жуық жоба қолдау тапты. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындарымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының қатары артты, деп жазады inbusiness.kz  тілшісі.

Жалпы облыс бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарының 45,5 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Былтыр кәсіпкерлер 1 млрд теңгенің өнімін шығарды. Ал жыл басынан бері бір жарым мыңнан астам кәсіпкер тіркеліп еңбек етуде. Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі жыл сайын артып отырғанын айтады.

"Биыл 210 миллион теңге болатын 562 адамның жобасы қолдау тапты. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 2019 жылды 1 млрд 629 млн теңге құрайтын 59 жоба сонымен қатар 23 жоба грантқа ие болды. Ал былтыр жалпы құны 6 млрд 536 млн-ды құрайтын 161 жоба қолдау алып, 76 млн теңге болатын 30 жоба қайтарымсыз грантқа ие болды. Биылғы жылдың 5 айының өзінде жалпы құны 9 млрд теңгені құрайтын 430 жоба қолдауға алынды",– деді әкім орынбасары.

 Бұдан былай қалалық әкімдік игерусіз бос жатқан жерлердің барлығын кәсіпкерлік саласына беруді көздеп отырғанын айтады.

"Жер мәселесіне орай жер қатынастар бөліміне тапсырма берілді. Қаншама бос жеріміз бар, олардың барлығын кәсіпкерлерге беруіміз керек. Жақында Бәйтерек ауданынан 6 гектар жерді кәсіпкерлікке берейік деп отырмыз. Өйткені ол жерде 25 мыңнан астам халық тұрады", –деді қала әкімі Ғанибек Қазантаев.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу