Игорь Романов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

140

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Игорь Романов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды Фото: akorda.kz

Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды.

Игорь Романов ұзақ жылдар бойы орталық мемлекеттік органдарда қызмет атқарған. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметін басқарды.

Марапат мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға және отандық медианың дамуына қосқан еңбегінің жоғары бағаланғанын білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу