ИИДМ: Өзбекстан және Қытайдың бірқатар қаласына жаңа бағыттар ашу көзделіп отыр

530

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті отандық әуе тасымалдаушы компаниялардан ұшу географиясы аумаған кеңейтуді талап етуде.

ИИДМ: Өзбекстан және Қытайдың бірқатар қаласына жаңа бағыттар ашу көзделіп отыр

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Пәкістанмен әуе қатынасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ сұраныстың артуына байланысты Қазақстан, Өзбекстан және Қытайдың бірқатар қаласына жаңа бағыттар ашу көзделіп отыр. Жолаушылар сұранысын тиісті деңгейде қанағаттандыру мүмкін болмай отырған тұстары да бар.

Мәселен, карантиндік шектеулерге байланысты бүгінде Қытайға аптасына 3 рейс қана жасалады. Ал пандемияға дейін 40-тан астам әуе тасымалы жүзеге асырылатын. Өз кезегінде сұраныстың артуы билет бағасына да өз әсерін тигізуде.

"Біз Қытайдың азаматтық авиация билігіне рейс санын арттыру бойынша бірнеше рет сұраныс хат жолдадық. Сонымен қатар жаңа әуе бағыттары мен рейстер санын көбейту бойынша өзбекстандық әріптестерімізге де ұсыныс білдірдік. Жуық арада Қытай, Өзбекстан және Пәкістанның авиация билігіне аталған мәселелерді жедел шешуге ықпал етуді қайта сұрайтын боламыз", – дейді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кетсек, қазақстандық авиа тасымалдаушылар 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында халықаралық әуе желілері арқылы 1,2 млн жолаушы тасымалдаған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға жоғары (0,7 млн).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу