ИИДМ жаңа 6 цифрлық жобаны таныстырды

728

Алдағы уақытта қазақстандықтар салынып жатқан құрылысты онлайн бақылай алады.

ИИДМ жаңа 6 цифрлық жобаны таныстырды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс саласының ашықтығын қамтамасыз ету, жемқорлық қаупін азайту үшін жаңа 6 цифрлық жобаны таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы құрылыс саласына қатысты нақты тапсырма бергенін еске салды.

"Бұл құрылыстағы жемқорлық дерегін азайту, салының ашықтығын қамтамасыз ету. Менің ойымша, құрылысты цифрландыру арқылы ғана аталған мәселелерді шешуге болады. Сондықтан біз жоба (құрылыс – автор) басталып, аяқталғанға дейінгі процестерді цифрландыруды көздеп отырмыз. Мысалы, онлайн-калькулятор, 
Е-Qurylys, Маркетплейс бағдарламасы, E-Shanyraq платформасы сынды бағдарламаларды іске асырғалы жатырмыз", - деді бірінші вице-министр.

Ол Нұр-Сұлтан мен Алматы сынды ірі қалаларда тұрғындар тарапынан құрылыс компанияларына шағым жиі түсетінін атап өтті.

"Мысалы, ірі қалаларда көпқабатты үй салғанда көптеген мәселе туындайды. Осындай кезде үй заңға сәйкес салынып жатыр ма? деген сұрақ болады. Оны да назарға алып жатырмыз", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ министрдің бірінші орынбасары келесі жылы мемлекеттік нысандардағы құрылысы процесі цифрланатынын, құрылыс материалдарының толық номенклатурасын көрсететін электронды тізілім құрылатынын, тұрғындар онлайн түрде салынып жатқан нысанның құрылысын бақылай алатынын жеткізді.
Айта кетейік, 2022 жылы Е-Qurylys бірыңғай ақпарат жүйесі арқылы құрылысы саласына бөлінген бюджет қаржысы бақыланады.

Онлайн-калькулятор құрылыс объектісінің шекті құнын жылдап есептеуге мүмкіндік береді. 

Маркетплейс ақпарат алаңында отандық құрылыс материалдарын онлан сатылады. Министрлік мәліметінше, аталған жүйе құрылыс материалдарының құнын 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ құрылыс материалдарының толық номенклатурасын көрсететін электронды тізілім құрылады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу