ИИДМБ-мен білім алған 1900 магистрант келер жылы өндіріске аттанады

983

ИИДМБ-мен білім алған 1900 магистрант келер жылы өндіріске аттанады

"Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол!" Жолдауын және 2015-2019 жылдарға арналған ҚР ИИДМБ іске асыру аясында Қазақстан экономикасының басым салаларына білікті кадрларды даярлайтын ЖОО-лар анықталды", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында. Бұл туралы pm.kz хабарлайды

Дархан Ахмед-Закидің айтуынша, бүгінгі таңда базалық ЖОО-ларда 4 700 магистрант білім алуда. Соның ішінде 2015 жылы - 1 900 адам, 2016 жылы 2 800 адам қабылданған.

Оқытудың екінші курс магистранттары қазіргі таңда ИИДМБ кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуде. Тәжірибе өту барысында магистранттарға магистрлік жобаларды орындау мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ, 2017 жылдың бірінші тоқсанында алғашқы 1 900 магистрант жұмыс істеу үшін ИИДМБ кәсіпорындарына жіберіледі. Әрбір магистрантпен олардың оқуға қабылданған сәтінен бастап бұдан арғы жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін үшжақты шарттар (білім алушы-ЖОО-кәсіпорын) жасалынды.

Магистранттар 47 шетелдік серіктес ЖОО-лардың және 114 ИИДМБ кәсіпорындардың сарапшылармен бірге әзірленген жаңа 48 білім беру бағдарламалары негізінде оқытылады.  ЖОО-лар 78 шетелдік ЖОО-лармен жасалынған шарттар негізінде 199 шетелдік ғалымды шақырды. Магистранттар 2015 жылы құрылған 22 зертхана базасында білім алып, магистрлік жобаларды орындауда. 2016 жылдың соңына дейін тағы 24 зертхана құрылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу