IIF: 9 айда дамушы нарықтардан $225 млрд капитал кетті

1013

IIF: 9 айда дамушы нарықтардан $225 млрд капитал кетті

9 айда Қытай бастаған дамушы нарықтардан жылыстаған капитал $225 миллиардты құрады. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі $365 миллиардпен салыстырғанда аз көрсеткіш. Бұл туралы Халықаралық қаржы институтының (IIF) мәліметтеріне сілтеме жасап Росбалт хабарлайды.

IIF ақпараты бойынша,  Қытайдан сыртқа кеткен капитал $373 миллиардты құраған, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен $93 миллиардқа кем.  Алайда Қытайдан кеткен капитал үшінші тоқсанда $112 миллиардқа дейін жеткен. Сонымен бірге $41 миллиардтай капитал Қытайдан қыркүйекте кеткен, деп мәлім етті институт.

IIF сарапшыларының пайымынша, бұл жергілікті ойыншылар тарапынан долларға сұраныстың артуымен байланысты болып отыр. Ал жергілікті юань 1 қазаннан бастап ХВҚ валюталары қатарына енгеніне қарамастан, юаньмен белгіленген активтерге сұраныс төмен. Институттың бағамдауы бойынша, юаньмен белгіленген құнды қағаздарға шетелдіктердің қатысуы қыркүйекте $7,3 миллиардқа төмендеп кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу