Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақ техникасы белсенді қолданылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Үш ай ішінде 40 әуе ұшуы жүргізіліп, нәтижесінде 20 есірткі егістігі анықталды, 5 мыңнан астам есірткі өсімдіктері жойылып, 1 тоннадан астам салмақта тәркіленді.
Ұлытау облысында есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен орталық және солтүстік аймақтарға жеткізу арнасы әшкереленді. Құрамында төрт адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан жол талғамайтын автокөліктер, оқ-дәрілері бар атыс қаруы және таратуға арналған 103 келі марихуана тәркіленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу