ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "шұғыл хабарландыру" ретінде тарап жатқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрлік тұрғындарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға, күмәнді әрі тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды. Сонымен қатар жалған ақпарат тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу