Бопсалау дерегі бойынша бірнеше қылмыстық топ ұсталды

341

Ішкі істер министрлігі бопсалаудың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтіп жатыр.  

Бопсалау дерегі бойынша бірнеше қылмыстық топ ұсталды Фото: polisia.kz

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде елімізде тіркелген бопсалау фактілерінің саны 15 пайызға төмендеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші іс жүзінде 100 пайыз деңгейінде сақталып отыр.

Мәселен, Абай облысында жедел іс-шаралар барысында облыс орталығы тұрғындарынан ақша бопсалаумен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Барлық күдікті ұсталып, олардың заңсыз қызметін жалғастыруына жол берілмеді.

Павлодар облысында да студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен екі адам қолға түсті. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында жәбірленушілерге көрсетілген қысым тоқтатылып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Ал Алматы облысында әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылған бопсалау схемасы әшкереленді. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып, қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу