ІІМ хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам адамның жүрген жерін анықтады

251

Қазақстанда 5 қазаннан бастап "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

ІІМ хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам адамның жүрген жерін анықтады Фото: Polisia.kz

Шараның мақсаты – тұрғын үй секторындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция мен халық арасындағы байланысты нығайту, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шамамен 249 мың тұрғын үйді, оның ішінде 12,5 мың жалдамалы пәтерді тексерді. Нәтижесінде тіркеусіз тұрудың 9 мыңға жуық дерегі анықталып, 7 189 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жері жоқ 2 128 адам полицияға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік пен мүлікті қорғау жөніндегі 223 мыңнан астам жадынама таратып, халықпен 8 мыңнан астам кездесу өткізді. Кездесулерге 160 мыңға жуық азамат қатысты. Арнайы QR-кодтар мен чаттар арқылы полицияға 2 693 өтініш пен ұсыныс түсті.

Профилактикалық есепте тұрған 6 мыңға жуық адам тексеріліп, 1 511 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары да жүргізілуде. Рейдтер кезінде түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдерге қатысты 3 883 дерек анықталып, 396 бала бейімдеу орталықтарына орналастырылды.

Алматыда кафелердің бірінде заң талаптарын бұза отырып жүрген кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Мекеме иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, кафенің қызметі 10 тәулікке тоқтатылды.

"Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу