ІІМ кәмелетке толмағандарды есірткі қылмысына тартуға қарсы бақылауды күшейтті

110

Полиция жыл басынан бері есірткі қылмыстарына қатысы бар 49 кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІІМ кәмелетке толмағандарды есірткі қылмысына тартуға қарсы бақылауды күшейтті Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді, соның ішінде кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тартуға жол бермеу шаралары күшейтілді.

Полиция жыл басынан бері есірткі қылмыстарына қатысы бар 49 кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады. Тек тамыз айында ғана жасөспірімдердің ұсталуына байланысты 6 дерек тіркелді, оның ішінде біреуі – есірткі қолданғаны үшін. Мәселен, Абай облысында 16 жастағы колледж студенті мен оның 15 жастағы танысы – мектеп оқушысы ұсталды. Жеке тінту барысында кәмелетке толмаған қыздан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Белгілі болғандай, студент есірткіні жасырын қойып кетуші болып жұмыс істеген. Ұсталған сәтінде ол есірткіні мектеп оқушысының сөмкесіне тығып, таратуды көздеген. Шымкент қаласында да әртүрлі уақытта 17 жастағы екі жасөспірім ұсталды. Олар да жасырын қойып кетуші ретінде есірткі таратуға қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу