ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті

229

Алаяқтар Telegram арқылы лауазымды адамдардын атын пайдаланады.  

ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Олар шынайы басшылардың суретін, дерегін пайдаланады.

Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, қандай да бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе өзге де қаржы операцияларын орындауды талап ететін хабарламалар жібереді.

Көбіне мұндай хабарламаларды бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және ұйымның қаражатына қолжетімділігі бар тұлғалар алуы мүмкін.

Осындай хабарлама алсаңыз:

  • ақша аудармаңыз және қаржы операцияларын орындамаңыз;
  • міндетті түрде басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысыңыз;
  • телефон нөмірін, хабарламаны жіберушінің аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият тексеріңіз;
  • күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу