banner

ІІМ қазақстандықтардың қандай хабарлама алып жатқанын түсіндірді

948

SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын.

ІІМ қазақстандықтардың қандай хабарлама алып жатқанын түсіндірді

ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескертулер сипатындағы SMS-тер жіберуді бастады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Kcell қолданушыларына келесідей мәтінмен SMS-тер жіберілді:

"Anydesk және Teamviewer қосымшаларын бөгде адамдардың нұсқауы бойынша орнатпаңыз!"

"Сізге мүлікті кепілге қою әрекеті туралы хабарланды ма? Банкпен шұғыл түрде хабарласыңыз!"

"Сізге несие алуға тырысқаны туралы хабарланды ма? Банкпен шұғыл түрде хабарласыңыз!"

"Сізден онлайн несие беруді сұрады ма? Телефонды қойыңыз! Бұл алаяқтар!"

"Сізден өз деректеріңізді, карта нөмірін, sms-кодтарды атауды сұрады ма? Бұл алаяқтар!"

Тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны шектеулі. Сондықтан хабарлама мәтіні қысқартылған.

ІІМ сақтық шараларын тағы да еске салады:

– ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ермеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

– өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;

– белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға келісуге тырысыңыз;

– күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз;

– қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market көздерін пайдаланыңыз;

– белгісіз адамдардан келіп түскен сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

– банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз. 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

– өз шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу