ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің 95%-ы автоматтандырылған

850

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн баспасөз мәслихаты барысында осылай деп мәлімдеді. 

ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтердің 95%-ы автоматтандырылған

"Ішкі істер органдары азаматтарға көресететін 40 қызметтің 38-і, яғни, 95%-ы автоматтандырылған. Оның ішінде автокөлікті тіркеу, жеке басты куәландыратын құжаттар мен жүргізуші куәлігін беру, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметтері ең көп сұранысқа ие. Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі тіркеу емтихандары бөліністері таратылды. Енді автокөліктерді есептен шығару және тіркеу, мемлекеттік нөмір белгісін таңдау және дайын құжаттарды жеткізуге тапсырыстарды қашықтықтан жүзеге асыруға болады. Ішкі істер министрлігінің базалары бойынша барлық тексерулер автоматтандырылған", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу