ІІМ пиротехниканы пайдалану ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

606

25 желтоқсаннан бастап 3 қаңтар аралығында ІІО аумақтық ТЖД азаматтық қорғану бөліністерінің қызметкерлерімен бірлесіп сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды бейберекет сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс шара өткізеді, деп жазады inbsiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ІІМ пиротехниканы пайдалану ережелерін қатаң сақтауды ескертеді Фото: inform.kz
>Ведомства мәліметінше, шараның мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бүгінге дейін республика бойынша базарларда, дүкендерге және өзге де сауда орындарына, пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау және сақтау шарттарына байланысты 400 рейд жүргізілді.
 
Нәтижесінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 196-бабы бойынша тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау-25 АЕК-76 575 теңге айыппұл) 75 фактісі анықталды. Құқық бұзушылардан сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдар 1850 дана тәркіленді.
 
Осыған орай, ІІМ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Пиротехникалық бұйымдарды сатып алу кезінде:
Мамандандырылған дүкендерде және қызметтің осы түріне тиісті лицензиялары бар стационарлық сауда павильондарында сатып алу қажет. Сатушылардан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтың болуы міндетті, нұсқаулықпен танысқан кезде оның сақталу мерзіміне назар аудару қажет, пайдалану мерзімі өтіп кетсе, онда оны ешбір жағдайда қолдануға болмайды.
 
Ескеріңіз:
Отшашу үшін орынды таңдау қажет, бұл үлкен ашық алаң немесе ағаштар мен ғимараттар жоқ жер болуы керек.
Таңдалған орында 100 метр радиуста өрт тұтану қауіпі бар объектілер, автотұрақтар және басқа құрылыстар болмауы керек.
Пиротехникалық бұйымдарға арналған нұсқаулыққа сәйкес оны жерге мықтап орнату керек.
Көрермендер ұшыру алаңынан 35-50 метр қашықтықта, міндетті түрде жел жағында тұруы тиіс.
Пиротехникалық бұйымдарды:
пиротехникалық бұйымдарды мақсатсыз пайдалануға;
пиротехникалық бұйымдарды ғимараттардың, үй-жайлардың ішінде (егер бұл нұсқаулықта көзделмесе), адамдар көп жиналған сәтте ашық аумақтарда қолдануға;
ағаштардың, электр беру желілерінің астында және тез тұтанатын заттардың жанында қолдануға;
фитильді жағу кезінде пиротехникалық бұйымға еңкейуге;
сертификатталмаған, бүлінген және жарамдылық мерзімі өткен бұйымдарды пайдалануға;
пиротехникалық бұйымдарды қыздыру аспаптары мен ашық от көздерінің жанында сақтауға;
пиротехникалық бұйымдарды бөлшектеу, оларды отқа жағуға;
пиротехникалық бұйымдарды адамдар мен жануарларға бағыттауға;
ересектердің қатысуынсыз балалардың қолдануына;
мас күйінде болған кезде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану, олардың жанында темекі шегуге тиым салынады.
Осы қарапайым ережелерді орындау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға, жақындарыңызды сақтауға және мерекелік атмосфераны сақтауға мүмкіндік береді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу