ІІМ Ресеймен шекарадағы кептелістің себебін айтты

365

Атырау облысындағы "Құрманғазы", "Бөкейхан", Ақтөбе облысындағы "Жайсан" және Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңа жол" шекаралық бекеттерінде Ресейге кіретін жүк көліктері мен автобустардан ұзын-сонар кезек пайда болды.  

ІІМ Ресеймен шекарадағы кептелістің себебін айтты Фото: polisia.kz

Қазіргі таңда кезекті реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, оқиға орнында патрульдік экипаждар мен учаскелік инспекторлар кезекшілік атқарып жатыр. Олар тәртіпті қадағалап, жүргізушілерге кеңес беріп, келіспеушіліктің алдын алуға көмектесіп, көлік қозғалысын бақылайды.

"Ресей Федерациясына апаратын бірқатар шекара бекетінде 30 маусымнан бастап жүк көліктерінің кезегі пайда болды. Оған жақында күшіне енген Ресей аумағына кірудің жаңа талаптары себеп болған", – деп хабарлады ҚР ІІМ.

Жүргізушілерден сабырға келіп, тәртіпті сақтауды және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұрайды.

Айта кетейік, 2025 жылдың 30 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін Ресейде Қазақстанды қоса алғанда, визасыз режимдегі елдердің азаматтары үшін сапарды цифрлық тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу