ІІМ үй аумағында көлік қоюға қатысты ресми түсініктеме берді

161

Ішкі істер министрлігі бұл мәселеге қатысты Жол жүрісі қағидаларына ешқандай өзгерістер енгізілмегенін хабарлады.  

ІІМ үй аумағында көлік қоюға қатысты ресми түсініктеме берді Фото: kn.kz

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғын үйлердің ауласында көлік құралдарын қоюға тыйым салатын ережелер енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Көлік құралдарын тоқтату мен тұраққа қоюға қатысты талаптар бұрынғыдай өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар көлік құралдарын гүлзарларға, көгалдарға, балалар және спорт алаңдарына қоюға және сонда тоқтауға тыйым салу жөніндегі Жол жүрісі қағидаларының нормалары қолданыста бар екенін еске саламыз, – деп хабарлады ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығын Жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият әрі сақ болуға, өзара құрмет пен жауапкершілік танытуға шақырады.

– Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың мінез-құлқын бақылауды күшейтіп, көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі ескертіп, сондай-ақ жолдың жүріс бөлігінде, денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін өзге де орындарда ойнауға болмайтынын түсіндіру ұсынылады. Тек бірлесіп қана біз жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын аламыз, – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу