ІІМ жол ережесін өрескел бұзатындарды 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды ұсынды

607

Тиісті түзетулер Құрылтайдың қарауына енгізіледі.  

ІІМ жол ережесін өрескел бұзатындарды 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды ұсынды Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айыппұлды елемейтін "өрескел" жүргізушілер үшін қатаң шара қолдануды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ержан Сәденов 2025 жылдан бастап такси агрегаторларына бақылау күшейгенін атап өтті.

"Олармен цифрлық ақпарат алмасуды жолға қойдық. Мысалы, оларға 70 мың оң рульді көліктердің тізімі жіберілді. Олар енді такси ретінде тіркеле алмайды. Сондай-ақ, жүргізуші куәліктерін автоматты түрде тексеру енгізілуде. Яғни, күәлігі жоқ адамдар жұмыс істей алмайды. Оған қоса, Көлік министрлігі мен такси агрегаторларына жүргізушілердің рейс алдында медициналық тексеруден өтуін, көліктердің техникалық тексеруі болуын бақылаудың нақты тетігін әзірлеу қажет", – деді Ішкі істер министрі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда айыппұлды елемейтін "өрескел" құқық бұзушылар бар.

"Олармен күресу мақсатында "баллдық" жүйені енгізуді пысықтап жатырмыз. Ол – әрбір заңбұзушылықты және оның ауырлығын ескереді. Айыппұлмен қатар, бірнеше мәрте және ауыр бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігін 1 жылға тоқтату көзделеді. Тиісті түзетулерді Құрылтайдың қарауына енгіземіз", – деді Ержан Сәденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу