iKOMEK орталығында 2 миллионнан аса өтініш өңделген

938

Нұр-Сұлтан қалалық iKOMEK орталығының құрылғанына 2 жыл толды.  

iKOMEK орталығында 2 миллионнан аса өтініш өңделген

Бүгінгі күні бірыңғай байланыс орталығының тұрақты пайдаланушылары 575 000 адамды құрап, 2 675 771 өтініш өңделді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Екі жыл ішінде команда үлкен жұмысты атқарды: әкімдіктің үш ведомстволық бағынысты кәсіпорнын біріктірді, жұмыс барысын америкалық 311 қызметіне ұқсатып, қайта құрды, үздік әлемдік тәжірибелерді қазақстандық менталитетке бейімдеп, жұмыс әдіснамасын жасап шығарды, бүкіл жұмысты цифрландырды, қала тұрғындарына өтініш беру және оған мониторинг жүргізу үшін цифрлық сервистер ұсынды. Сондай-ақ, тұрғындар өтініші 9 түрлі тәсілмен қабылданады.

Бүгінгі күні iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының тұрақты пайдаланушыларының саны 575 000 адамды құрайды, 2 675 771 өтініш қабылданып, өңделді.

"Біз қиын, бірақ жемісті жұмысымызды қорытындылаймыз. Мақсаттарымызға қол жеткіздік деп сенімді түрде айта аламыз. Әрине, бұл сіздердің еңбегіңіз Құрметті қызметкерлер! Сіздердің, еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыз бен түсіністік танытқандарыңыздың арқасында компания өсіп, алдыңғы шепке шығып келеді. Ортақ іске берілгендіктеріңіз үшін рақмет! Алдымызда қаламызды жайлы әрі қауіпсіз етуге көмектесетін көптеген жоспарлар мен қызықты жобалар бар", –  деп атап өтті iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу