iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы операторларының желісі ұлғайтылды

1036

Кезек кеңейтіліп, қатарынан 120 кіріс қоңырауға дейін қабылдай алады.

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы операторларының желісі ұлғайтылды

iKOMEK қалалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына коронавирустық инфекция (COVID-19) симптомдары мен ол анықталған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы 1-0-9 қысқа нөмірі арқылы 24/7 бойы консультация береді, деп еске салады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты iKOMEK қалалық орталығы күшейтілген жұмыс тәртібіне өтіп, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы операторларының желісі 53 операторға дейін ұлғайтылды, кезек кеңейтіліп, қатарынан 120 кіріс қоңырауға дейін қабылдай алады.

"Өткен тәулікте iKOMEK109-ға 8 000-нан астам өтініш келіп түсті, оның 4 мыңы коронавирустық инфекцияға қатысты. Биылғы жылдың 13 наурызы мен 20 наурызы аралығында коронавирус бойынша 10 мыңға жуық өтініш тіркелді. Тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді талдау негізінде біз жиі қойылатын сұрақтарға жауап әзірледік", – дейді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары барлық мәселелер бойынша iKOMEK109-ға келесі сервистердің көмегімен жүгіне алады:

- Әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz

- iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);

- Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Аitu.city порталы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу