Іле Алатауында мұздық көлдер бақылауға алынды

425

Алматы қаласы ТЖД №23 әмбебап құтқару бөлімшесінде азаматтық қорғау органдарына қолдау көрсетіп жүрген бизнес, қоғам және халықаралық ұйымдар өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. 

Іле Алатауында мұздық көлдер бақылауға алынды Фото: ТЖМ

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ТЖМ инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Азаматтық қорғау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оларға ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар табысталды.

Бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастық аясында таулы аймақта бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Іле Алатауындағы мұздық көлдерде модульдік үйлер мен сел жағдайын автоматтандырылған мониторингтеу жүйелері орнатылды. Сондай-ақ "Медеу" диспетчерлік пунктін жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Бұдан бөлек, ТЖМ қызметкерлері үшін "Shymbulak Resort Hotel" аумағында демалыс орны қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу