Іле Алатауындағы гидрологиялық бекеттерге капсула үйлер қойылды

185

Бұл баспаналар биік таулы аймаққа арналып жасалған. 

Іле Алатауындағы гидрологиялық бекеттерге капсула үйлер қойылды Фото: t.me/qr_tjm

Төтенше жағдайлар министрілігінің бірегей жобасы сел қауіпсіздігінің ұлттық жүйесін жаңғыртуға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Капсула үйлер елімізде алғаш болып, Түрген және Үлкен Алматы өзендерінің бойында орналасқан екі гидробекетке орнатылды. Тау өзендеріндегі су деңгейін бақылайтын қызметкерлер мұнда қысы-жазы болады. Тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Олар бұған дейін ескі үйлерде тұрған. Ал жаңа капсула үйлер заманға сай жасалған. Аумағы – 24 шаршы метр. Ішінде жұмыс істейтін орын, жатын және жуынатын бөлмесі бар. Ал, жылу мен жарық автономды түрде беріледі. Қыста жылы, жазда салқын. 

Жаңа капсулалық үйлер теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте, негізгі орналасу орнынан шалғай, қолжетімсіз және таулы аймақтарда жұмыс істейтін бақылаушылардың еңбек жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған. Мұндай аудандарда су тасқыны мен сел жүру қаупі жоғары кезеңде тәулік бойы мониторинг жүргізу аса маңызды.

Министрліктің игі бастамасын бизнес өкілдері қолдаған.

Жалпы елімізде "Қазселденқорғау" мекемесі бойынша 37 бекет бар. Көбісі ескірген. Капсула үйлер алғаш болып Алматы облысындағы Батан және Алматы қаласына қарасты Құмбел гидробекетіне қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу