Іле Алатауындағы Мәншүк Мәметова шыңын бағындырған турист жоғалып кетті

983

Ол досынан көмек сұрап, хабарлама жіберген. 

Іле Алатауындағы Мәншүк Мәметова шыңын бағындырған турист жоғалып кетті

Алматы тауларында 27 жастағы турист жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

18 шілдеде республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінен хабарлама түскен. Онда 27 жастағы алматылық таудағы көлде түнегеннен кейін, Мәншүк Мәметова шыңын бағындыру туралы шешім қабылдағаны, мақсатына жеткен соң шыңнан өз күшімен түсе алмағаны айтылған.

"Кешке турист досына Мәншүк Мәметова шыңын бағындырғанын, алайда оған көмек керегін айтып, хабарлама жіберген. Ол шыңға шыққанымен, одан өз күшімен түсе алмаған. Осыдан соң ер адам байланысқа шықпаған", – деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына республикалық жедел-құтқару жасағы аттанды. Олар Альпинизм федерациясының (Тұйықсу базасы) альпинистерімен бірлесіп, іздестіруді бастаған. Федерациядан құтқарушыларға 2 адам қосылған. Жедел құтқару тобы №6 көліне дейін жетіп, Мәншүк Мәметова шыңына қарай жаяу шыққан.

Республикалық жедел-құтқару жасағы мұздықтың түбін қарап шыққан, ал альпинистер Мәншүк Мәметова шыңының жотасымен жүріп өткен. Нәтижесінде олар турист "Қазселденқорғау" мекемесінің жұмысшыларына сөмкесін қалдырып кеткенін анықтаған. Алматылық жұмысшыларға 18 шілдеде түске қарай қайтатынын айтып, сол қалпы оралмаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу