Іле-Балқаш резерватындағы өрт аумағы 120 гектарға дейін азайды

468

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Іле-Балқаш резерватындағы өрт аумағы 120 гектарға дейін азайды Фото: astanatv.kz

Өрт сөндірушілердің күшімен Іле-Балқаш резерватындағы өрттің аумағын 120 гектарға дейін азайту мүмкін болды.

Тілсіз жаумен күресуге 34 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылды. 

“26 маусым күні қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сонымен қатар "Іле-Балқаш" РММ 25 адамы және 10 техникасы, орман шаруашылығының 8 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды”, - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу