Ілияс Сариевтің ісі: сотта жәбірленуші мен айыпталушы арасында дау туындады

115

Алмалы аудандық сотында "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев пен "MM Travel" компаниясының жетекшісі Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот отырысы өтті.

Ілияс Сариевтің ісі: сотта жәбірленуші мен айыпталушы арасында дау туындады Фото: Kazinform

Екеуіне де ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша – аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық бабы бойынша айып тағылған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бүгінгі отырыста жәбірленуші Гүлбахор Түреева сөз алып, айыпталушы Сариевтің үй алып беремін деген уәдесін орындамағанын айтты. Ол оның көмегі үшін жалпы 800 мың теңге бергенін мәлімдеді.

Содан кейін айыпталушы Ілияс Сариев жауап беріп, жәбірленушімен сөз таласына түсті.

– Мен сізге шын көмектестім. Сіз мені алдады дейсіз, бірақ мен ешкімді алдаған жоқпын. Сіз далада қалғанда балаларыңызбен бірге паналаттым. Көп адамға жәрдемдестім, – деді ол.

Сот отырысында судья Сариевке, оның адвокатына және жәбірленушіге бірнеше рет ескерту жасады.

Адвокат өз қорғауындағы азаматтың пайдасына бірнеше видео ұсынды. Онда түрлі адамдар Сариевтің көмегі туралы пікір білдірген.

Судья сот тергеуінің аяқталғанын хабарлап, жарыссөз кезеңінің 13 қарашада сағат 15:00-де басталатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу