Илон Маск байлығы 500 млрд долларға жеткен әлемдегі алғашқы адам атанды

584

Компанияларының акциялары қайта қымбаттаған. 

Илон Маск байлығы 500 млрд долларға жеткен әлемдегі алғашқы адам атанды Фото: sud.ua

Илон Маск төрткүл дүниеде жиған-терген байлығы 500 миллиард долларға жеткен алғашқы адам атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Жыл басында АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінде жұмыс істеп жүргенде Tesla компаниясының акциялары күрт арзандаған еді. Маск Ақ үйден кеткен соң, оның акцияларының құны қайта шарықтады.

Forbes журналының мәліметінше, сәрсенбі күнгі биржа саудасы кезінде Илон Масктың барлық активтерінің құны 500 миллиард доллардан асып, кейін 499 миллиард доллар шамасында болған.

Қазір Маск әлемдегі ең бай адам атағына үміткерлерден айтарлықтай алда келеді. Екінші орында тұрған Oracle компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисонның байлығы шамамен 350 миллиард долларға бағаланып отыр. Биыл қыркүйекте Oracle компаниясының акциялары 40%-ға өсіп, Эллисон Маскты басып озған болатын. Бірақ Илон Маск қайтадан бірінші орынға шықты.

Илон Маск – электромобиль шығаратын Tesla компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры. Оған осы компанияның 12% акциясы тиесілі. Қазір Tesla компаниясының нарықтық құны 1,44 триллион долларға тең. Бұдан басқа миллиардердің xAI жасанды интеллект стартапы мен SpaceX компаниялары да қымбаттап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу