Илон Маск Telegram мен WhatsApp-қа балама жаңа мессенджер шығарады

299

iOS-қа арналған қосымшаның ресми іске қосылуы 17 сәуірге белгіленіп отыр.  

Илон Маск Telegram мен WhatsApp-қа балама жаңа мессенджер шығарады Фото: thebrewnews.com

Миллиардер Илон Маск XChat атты мессенджерді іске қоспақшы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа мессенджер X желісінде аккаунты бар қолданушыларға ғана қолжетімді болады. Қосымшада хат алмасу шифрланған, онда дыбыстық және бейнеқоңыраулар, файл алмасу, топтық чаттар, сондай-ақ хабарламаларды өңдеу және жою мүмкіндігі секілді функциялар болады.

Ақпаратқа сәйкес, XChat интерфейсі минимализм стилінде әзірленбек. Сонымен қатар жаңа мессенджерде мүлдем жарнама болмайды.

Оның басқалардан басты ерекшелігі – қоңырау шалу үшін телефон нөмірін көрсетудің қажеті жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу