Илон Маск Tesla акцияларын 7 миллиард долларға сатып жіберді

619

Tesla басшысы Twitter-ді сатып алу ісін аяқтау қажет болмаса, өз акцияларының бір бөлігін сатып алатынын атап өтті.

Илон Маск Tesla акцияларын 7 миллиард долларға сатып жіберді

Илон Маск Tesla Inc. акцияларын 7 миллиард долларға сатып жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Tesla компаниясының бас директоры және ең ірі акционері саналатын миллиардер 5-9 тамыз аралығында шамамен 7,9 миллион акция сатқан. Сатылым нәтижесінде кәсіпкерде компания акцияларының 15%-ы қалды. Сот оны Twitter-ді сатып алуға міндеттеп, артынан  компания активтерінің төмендетілген бағамен сатылуын болдырмас үшін Маск осындай қадамға барып отыр.

Tesla басшысы Twitter-ді сатып алу ісін аяқтау қажет болмаса, өз акцияларының бір бөлігін сатып алатынын атап өтті.

Сәуір айының соңында Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алатыны белгілі болды. Ол кезде Маск Tesla акцияларын 4 миллиард долларға сатқан болатын.

Бірақ кейін ол әлеуметтік желіні сатып алудан бас тартты.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу