Илон Маск Tesla акциясын сатып жатыр

1052

2 күнде компанияның шамамен 4 млн акциясы сатылып, 4 млрд доллар пайда түскен.  

Илон Маск Tesla акциясын сатып жатыр

АҚШ кәсіпкері, инженер Илон Маск өзіне тиесілі Tesla компаниясының акциясын сатып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ixbt.com дерегінше, 2022 жылдың басында кәсіпкерге тиесілі Tesla акциясы опционының мерзімі аяқталады.

9-10 қараша аралығында шамамен 4 млрд доллар болатын Tesla-ның 3,59 млн акциясы сатылған.

Осылайша, Илон Маск бір аптада жалпы сомасы 5,1 млрд доллар тұратын 4,5 млн акциясын сатқан.

Алдағы уақытта ол Tesla-ның 8 млн-ға жуық бағалы қағазын сатуды жоспарлап отыр. Осыған қарамастан компания акциясының бағасы төмендеп жатыр.

Дүйсенбіден бері Tesla акциясы 1 185 доллардан 1 025 долларға дейін 160 долларға арзандаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу