Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды

227

Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index рейтингінің жаңартылған деректерінен белгілі болды.

Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды Фото: BRENDAN SMIALOWSKI / AFP

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың байлығы 118 миллиард долларға қысқарып, 957 миллиард долларға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

22 маусымда жарияланған мәліметке сәйкес, шығындар жасанды интеллект жобаларын қаржыландыруға бағытталған. Компания құнды қағаздарын сатылымға шығатынын жариялағаннан кейін акциялар 3 күн қатарынан төмендеген.

Сонымен қатар, 16 маусымнан бері Tesla компаниясының Nasdaq биржасындағы акциялары 4,14 пайызға арзандаса, SpaceX акциялары 17,13 пайызға азайған.

Айта кетейік, Илон Маск 12 маусымда тарихтағы алғашқы триллионер атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу