Илон Маск: X жер бетіндегі ең құнды брендке айналады

282

Америкалық миллиардер ребрендингтен кейін X деп аталатын Twitter әлеуметтік желісі әлемдегі ең құнды брендке айналатынын хабарлады.

Илон Маск: X жер бетіндегі ең құнды брендке айналады Фото: incrypted

Маск осылайша әлеуметтік желіде аты өзгергеннен кейін Twitter брендінің құны 40 миллиард доллардан асады деген сарапшының сөзіне жауап қайтарды, деп жазады inbusiness.kz Gazeta.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

"X жер бетіндегі ең құнды бренд болады. Менің сөздерімді естен шығармаңыз", - деп жауап берді Маск.

Бұған дейін әлеуметтік желі иесі оны қаржылық хабқа айналдыруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Маск сонымен қатар қазір микроблог платформасының Twitter атауы маңызды емес екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу