SpaceX басшысы Илон Маск жасанды интеллектінің қаупі туралы осыдан 12 жыл бұрын ескерткенін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Осыдан 12 жыл бұрын", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Маск бұл пікірін 2014 жылғы тамыздағы жазбасын бөлісе отырып қалдырды. SpaceX басшысы ол кезде "ЖИ-ге өте абай болу қажеттігін", себебі оның "ядролық қарудан да қауіптірек болуы мүмкін екенін" айтқан болатын.
Бұған дейін америкалық Anthropic компаниясының директоры Дарио Амодеи ЖИ-модельдерін дамыту қарқынын бәсеңдетуге шақырған еді. Амодеи озық технологиялар бойынша жұмыс жылдамдығын өзара келісе отырып бәсеңдету ЖИ-компанияларына "модельдер шекті деңгейге жеткенше қосымша 1–2 жыл уақыт ұтып алуға" және ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Anthropic басшысының бұл пікірін Илон Маск та, америкалық ірі OpenAI технологиялық компаниясының директоры Сэм Альтман да қолдады.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп АҚШ-тың ЖИ саласындағы басымдығын сақтап қалғысы келетінін жазғанбыз.